«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ директорының 08.04.2025 жылғы №57-Ө бұйрығына сәйкес 08 - 30 сәуір аралығында қорықтың айналымдарында жоспарлы көктемгі орманды шолып тексеру жұмысы жүргізілді. Іс-шара барысында ормандардың заңсыз ағаш кесуден қорғалуының қамтамасыз етілуі; орман өрттерінің алдын алу және болдырмау, оларды дер кезінде байқау және жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуы; кварталдық бағаналардың және ескерту аншлагтарының бүтіндігі; мемлекеттік инспекторларға сеніп берілген мүліктің бар-жоғы және оның пайдалануға жарамдылығы, сондай-ақ оған бекітіп берілген көліктің, байланыс құралдарының, арнайы құралдардың техникалық жай-күйі; мемлекеттік инспекторлардың нысандық киімінің болуы мен жай-күйі және оның оны киіп жүру тәртібін сақтауы тексерілді.