Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы Тентек өзенінің атырауы мен Алакөл көлінің табиғи кешендерін, жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесін және көне дәуір шағаласының бірегей популяциясын сақтау мақсатында ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі №355 қаулысымен құрылған.