27 сәуір күні қорық қызметкерлері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының аясында «Жасыл желек» іс - шарасы Үшарал қаласындағы Қабанбай батыр көшесінің бойында (Ыдырышев және Абылайхан көшелерінің аралығы) тазалық жұмыстарын жүргізді. Іс - шараға 18 қорық қызметкері қатысып, түрлі тұрмыстық қалдықтар мен жабайы шөптер тазартылып, жиналған қоқыс арнайы қоқыс алаңына жеткізілді.