Жалбағай (лат. Platalea leucorodia) – ескекаяқты құстар отрядының тырна-құтан тұқымдасына жататын құс. Қанатының ұзындығы 35 – 40 см, салмағы 1,5 кг. Ақ құс, басында сарғылт айдары бар. Сирақтары ұзын, қара. Басқа, өзіне ұқсас құстардан бір ерекшелігі – тұмсығы жалпақ, қалақша тәрізді. Қазақстанға сәуір айында ұшып келеді, тамыз – қыркүйек, кейде қараша айында да кездесе береді.
Топталып шоғыр құрып тіршілік етеді. Ұясын қамысты қопаға, бұта мен ағаш басына салады. Сәуірде 3 – 4 жұмыртқа салады. Судағы балық шабақтарымен, бақалармен және омыртқасыздармен қоректенеді. Жалбағай сирек кездесетін құс болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Қорық аумағында тамыз айларында тамақтану кезінде кездеседі. Биылғы жылы Тентек өзенінің атырауында 23 дарасы тіркелді.