Жұртшы (лат. Neophron percnopterus) – сұңқартәрізділер отрядының қаршыға тұқымдасына жататын Жұртшылар туысының (лат. Neophron) бір жалғыз түрі, жыртқыш құс. Қазақстанда Тянь-Шань тауының сілемдерін, Үстірт пен Маңғыстаудың құлама жарларын мекендейді. Дене тұрқы 58 – 66 см, қанатының ұзындығы 1,6 – 1,7 метр (жайғанда), салмағы 2,1 – 2,4 килограмм. Тұмсығы ұзын әрі өте жіңішке болады. Сәуірде келіп, құз, жыраларға ұялайды. Сәуірдің аяғында 1 – 3 жұмыртқа салады. Әр түрлі өлексе қалдықтарымен, ұсақ кеміргіштермен қоректеніп, пайда да келтіреді. Жылдан-жылға санының азаюына байланысты Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.