Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің

Жәндіктер өсімдіктерді тозаңдандыру, органикалық заттарды өңдеу және жануарларға қорек ретінде пайдасын тигізеді. Сонымен қатар ауруларды тасымалдап, егін шаруашылығына зиян келтіріп, және мүлікке зиянын тигізеді. Олардың негізгі пайдасы экологиялық тепе - теңдікті сақтап қалу, ал зияны болса адамдар мен олардың шаруашылығына тікелей және жанама зиян келтіруінде. Жәндіктердің пайдасы. Өсімдіктерді тозаңдандыру: Бал арасы мен түкті аралар сияқты жәндіктер гүлдерді тозаңдандырып жеміс тұқымдарының жақсы өсіп - өнуін қамтамасыз етеді, бұл ауыл шаруашылығы мен жабайы табиғат үшін маңызды. Органикалық заттардың ыдырауы: Құмырсқалар, қоңыздар және басқа да жәндіктер өлі - шіріген өсімдіктер мен органикалық қалдықтарды ыдыратып, топырақтың құнарын артып қоректік заттардың айналымына қатысады. Қоректену тізбегі: Жәндіктер көптеген жануарлар мен құстардың түрлерінің әртүрлілігін сақтай отырып және адамдардың да маңызды қорек негізі болып табылады. Зиянкес жәндіктердің санын бақылау: Жәндіктердің кейбір түрлері, мысалы инеліктер, маса сияқты басқа дазиянкес жәндіктердің популяциясын бақылауға көмектеседі. Адамдарға қолдануға арналған өнімдер: Аралар адамдар үшін маңызы көп өнімдер, бал, прополис және балауыз жасайды. Зиянкес жәндіктер. Ауыл шаруашылығына зиян келтіретін жәндіктер: Жәндіктердің көбісі зиянкестер Колорадо қоңызы деген сияқты жәндіктер ауыл шаруашылық дақылдарын жойып, егінге көптеген шығындар әкеледі. Ауру тасымалдаушылар: Кейбір жәндіктер, мысалы тарақандар мен қандалалар сияқты жәндіктер адамдар мен жануарларға қауіпті аурулар мен паразиттерді тасымалдайды. Тұрмыстық зиянкес жәндіктер: тарақандар, құмырсқалар мен күйекөбелектер үйде пайда болуы мүмкін, жиһазға, киімдерге және азық - түліктерге зиян келтіреді, сонымен қатар антисанит ариялық жағдай тудырады. Орман зиянкестері: Қабық жегіш қоңыздар мен самырсын жібеккөбелегі сияқты жәндіктер ағаштарды жою арқылы ормандарға зиян келтіреді. Жануарлардың паразиттері: Соналар мен бөгелектер сияқты жәндіктер, үй жануарларына шабуыл жасап, олардың өнімділігін төмендетіп, мазасыздық тудырады.