Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/alakol-gpz.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Қазақстанда 2025 жыл - Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл шешім - ел экономикасын дамытуда басты рөл атқаратын кәсіби - техникалық мамандықтардың маңыздылығын арттыруға бағытталған. Жұмысшы мамандық иелері - елдің өндірістік қуатын арттырып, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуда үлкен үлес қосып жүрген нағыз еңбек адамдары.
Солардың бірі, Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының орман өрт сөндіру станциясының өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі - Курушбаев Ахмет Қалиұлы. Ол - өз ісіне адалдықпен қарап, табиғатты қорғау мен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген тәжірибелі маман. 
Ахмет Қалиұлы 1972 жылы 1 наурызда дүниеге келген. Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының мекемесінде 2014 жылдан бері жүргізуші болып жұмыс істеп келе жатыр. 2024 жылы 30 сәуір Орман өрт сөндіру станциясының ашылуына байланысты, өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі болып ауысты.
Ахмет Қалиұлының жұмысы тек көлік жүргізумен шектелмейді. Ол өрт сөндіру техникасын уақытылы дайындап, қажетті құрал - жабдықтардың толық болуын қадағалайды. Өрт сөндіру кезінде ол команданың үйлесімді жұмыс істеуіне ықпал етіп, қауіпсіздік шараларын сақтауға ерекше мән береді. Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етіп, орманды өрттен құтқаруға үлес қосатын алғашқы қатардағы мамандар. 
Көктем, жаз және күз айларында ормандағы өрт қаупі күрт артады. Бұл кезде жүргізушілер үнемі дайындықта жүреді: көлікті толық тексеруден өткізу, бағыттарды алдын ала зерттеу, өрт қауіпсіздігі ережелерін пысықтау - олардың күнделікті жұмыс тәртібіне айналған. Орман өрт сөндіру көлігінің жүргізушілері - қарапайым жұмысшылар қатарында көрінгенімен, шын мәнінде табиғат қорғаушы батырлар. Олар уақытпен санаспай, демалыссыз, от пен түтіннің ортасында жүріп, туған өлкенің амандығы үшін қызмет етеді.
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Ахмет Қалиұлы сияқты мамандардың еңбегін насихаттау өте маңызды. Олардың тәжірибесі мен кәсіби шеберлігі жас ұрпаққа үлгі болып, жұмысшы мамандықтарының беделін арттырады.