26 ақпан күні “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Алакөл қорығының қызметкерлері “Ынталы орта мектебінің” оқушыларымен 140 дана контейнерлерге шаған, үйеңкі, балқарағай, емен ағаштарының тұқымдарын отырғызды. Іс-шараға 8 сынып оқушылары белсене атсалысты.