"World clean up day" халықаралық акциясы аясында 20 қыркүйек күні Алакөл қорығының қызметкерлері күзгі санитарлық тазалық бойынша сенбілік жұмыстарын жүргізді. Іс-шара аясында Үшарал қаласындағы Дулепов көшесінің бойы (Төле би және Жеңіс көшелерінің аралығы) қоқыстардан тазартылып, шөп шабу, арық ішін тазалау сияқты жұмыстар жасалды.