29 тамыз күні «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза жағалау» экологиялық іс - шарасы өткізілді. Алакөл қорығының ұжымы тазалық жұмыстарын Жалаңашкөл көлінің жағалауында өткізді. Іс - шараға 12 қорық қызметкерлері қатысып, көлдің жағалауын тұрмыстық қоқыстардан тазартып, жиналған қоқыс арнайы алаңға шығарылды.