15 мамыр күні «Парктер шеруі 2026» экологиялық акциясының аясында және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде «Таза өзен - таза жағалау» экологиялық іс - шарасы өткізілді. Іс - шара Үшарал қаласының маңында ағып жатқан Тентек өзенінің жағалауында өтті. Іс - шараға 22 қорық қызметкері қатысып, өзеннің жағалауын тұрмыстық қоқыстардан тазартты. Жиналған 0,1 тонна қоқыс арнайы қоқыс алаңына шығарылды.