2 тамыз күні Алакөл қорығының қызметкерлері мен Абай облысы Үржар ауданы Сағат ауылының тұрғындары бірлесіп «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының аясында «Таза суайдыны» іс - шарасын өткізді. Іс - шара барысында Сасықкөл көлінің жағалауы тастап кеткен балық ауларынан тазартылып, өртеу арқылы жойылды.