22 тамыз күні Алакөл қорығының қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының аясында «Таза бейсенбі» атты экологиялық тазалық жұмыстарын Үшарал қаласындағы Б.Момышұлы көшесінің бойында ағып жатқан Қарасу бұлағының бойында өткізді. Іс-шараға қорық қызметкерлері толықтай атсалысып, бұлақтың маңайын қоқыстардан тазартып, жүк көлігімен тұрмыстық қалдықтарды арнайы қоқыс алаңына жеткізді.