20 ақпан күні Алакөл қорығында “Таза Қазақстан” экологиялық акциясының аясында ормандарды молықтыру және табиғатты қорғауды өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында Үшарал қаласындағы І.Жансүгіров атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушыларымен “Табиғат айнасы” үйірмесінің кезекті сабағы өтті. Іс-шара барысында оқушылар қорық қызметкерлерімен біріге 30 шаған ағашы, 30 үйеңкі ағашы, 30 балқарағай және 30 арша ағашының тұқымын контейнерлерге отырғызды.