«ТАЗА БЕЙСЕНБІ» ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Алакөл ауданында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда. Аталған іс-шара басталғалы бері оған 20 мыңнан астам алакөлдіктер атсалысқан. Туристтік маусымның ашылуына орай Алакөл көлі жағалауы мен көлге қарасты Ақши ауылының ішкі көшелерінде демалушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында тазалық жұмыстары қызу жүргізілуде. Ақши ауылындағы «Таза бейсенбі» атты экологиялық тазалық жұмыстарына Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы және басқа да мекеме қызметкерлері қатысты.
[gallery}it5/news/gal5{/gallery}