13 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күніне 33 жыл толуына орай Алакөл қорығының мәжіліс залында мерекелік ұжымдық жиын өтті. Музей меңгерушісі Д. Шаріпхан Тәуелсіздік күніне орай дайындаған слайд арқылы қанмен келген тәуелсіздіктің тарихымен таныстырды. Мекеме директоры М.З. Жанабаев қызметкерлерді Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, жыл қорытындысы бойынша бірнеше мекеме қызметкерлерін Алғыс хатпен марапаттады.