Алакөл қорығында «Табиғат айнасы» экологиялық үйірмесі 2000 жылдан бері үздіксіз жүргізіліп келеді. Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы мен Үшарал қаласындағы І.Жансүгіров атындағы орта мектебі арасында экологиялық үйірме жұмысын жүргізу мақсатында кезекті 2025 жылға келісім шарт жасалды. Экологиялық үйірменің мақсаты – орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы білімді іс жүзінде тереңдете отырып, табиғатты қорғауға тәрбиелеу, туған жердің табиғатын қорғауға баулу, тәжірибелі көмек көрсету.