Сутүбін қазғыш – гидробиологиялық құрал, суайдындардың түбіндегі топырақтың сынамаларын алу үшін пайдаланылады. Осы құралдың көмегімен зообентостың түрлік және сапалық сынамалар алынады, зообентос негізінен балықтар мен су маңында мекен ететін құстардың негізгі қорегі болып табылады.