Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/alakol-gpz.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Алакөл қорығында аққудың 3 түрі кездеседі.

Сыбырлақ аққу (орыс. Лебедь-шипун, лат. Cygnus olor) - қазтәрізділер отрядының үйрек тұқымдасына жататын құс. Қазақстанның жазық аймақтарындағы су айдындарында кездеседі. Қауырсыны аппақ, балапанында сұр түсті болады. Мойны жіңішке, қызыл түсті тұмсығында қара бұдыр анық көрінеді. Аяғы көбінесе қара түсті. Суда жүзгенде мойны иіліп, латын әліпбиіндегі S әрпіне ұқсайды. Ұшқан кезде дыбыс шығармайды, мазасызданған кезде кейде сыбырлағандай болады, құстың аты осы қасиетіне қарай қойылған. Алакөл қорығында тұрақты ұя салады, 2024 жылғы есеппен 454 дарасы тіркелді.

Сұңқылдақ аққу (орыс. Лебедь-кликун, лат. Cygnus cygnus) - Қазақстанда кең тараған. Кіші аққудан ірірек келеді: ұзындығы 140-165 см, қанатының құлашы - 205-235 см, ал салмағы 8-15 кг болады. Қауырсыны ақ, тұмсығы сары және қара, үстіңгі бөлігінде төмпешік жоқ, мойыны түзу, иілмеген. Дыбысы қатты сұңқылдаған дауыс шығарады осы себепті «Сұңқылдақ аққу» аталған. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Алакөл қорығында тұрақты ұя салады, 2024 жылғы есеппен 111 дара тіркелді. 

Кіші аққу (орыс. Малая лебедь, лат. Cygnus columbianus) - Денесінің ұзындығы 115-140 см, қанатының құлашы 168-211 см, салмағы 4-8 кг. Қауырсыны таза ақ, ал тұмсығы сары және қара, сары түсі аздау болады. Дыбысы Сұңқылдақ аққуға қарағанда нәзік, қоңыр дауысты. Солтүстік Еуразия және Солтүстік Американың тундра аймақтарында ұялайды. Алакөл қорығында ұшып қону кезінде кездеседі, ұя салмайды.