3 сәуір күні «Парктер шеруі 2025» экологиялық акциясының аясында Үшарал қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясында «Халықаралық құстар күніне» орай экологиялық іс-шара өтті. Іс-шара барысында бөлім мамандары «Алакөл қорығының құстары» жайында слайд көрсетіп, білім ордасының ауласындағы ағаш бастарына 6 дана құс ұяларын орнатты. Іс-шараға барлығы 19 адам қатысты.