2025 жылы 20 - 21 тамыз аралығында Алакөл қорығы ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкерлері мемлекеттік инспекторлармен бірлесе отырып қорық аумағының Сасықкөл көлінің солтүстік жағалауына далалық шығыс ұйымдастырды. Далалық шығыс нәтижесінде су және су маңын мекендейтін құстар түрлеріне жаздық азықтану және түлеу кезіндегі шоғырлануына санақ жүргізілді. Тікқанатты отрядына жататын жәндіктерге мониторинг жүргізіліп, энтомологиялық коллекция үшін түрлері жиналды. Сонымен қатар су және құрлық экожүйсінде таралған өсімдіктер түрлеріне бақылау жұмыстары жүргізілді.