Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің

15-ші мамыр күні Абай облысы Үржар ауданы Таскескен ауылы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінде ауданның білім мекемелерінің оқушылары арасында өткен «Парктер шеруі 2025» акциясы аясындағы экологиялық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өтті. Байқаудың шартында көрсетілген 4 номинация бойынша сынға түскен мектеп оқушыларының өз қолдарымен жасаған қолөнерлері бағаланып, үздік жұмыс иелері мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жас буынға бағыт-бағдар көрсетіп жүрген ұлағатты ұстаздар Алғыс хаттарға ие болды. Аталған іс-шара Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің жас өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Іс-шараға барлығы 68 адам қатысты.