Алакөл қорығының мәжіліс залында «2024 жылғы өрт қауіпсіздігіне дайындық тақырыбында» дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға «Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының» директоры Қ.Абылқасымов, «Алакөл аудандық балық шаруашылығы инспекциясының» басшысы Қ.Жұманқұлов, «Алакөл аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің» қызметкері Е.Исагалиев, «Жанама ауылдық округі әкімдігі» аппаратының маманы А.Болатов, «Алакөл орман шаруашылығы» КММ қызметкерлері А.Мадиев пен А.Терекбаев, «Болашақ бастау» шаруа қожалығының басшысы М.Оразалинов, балықшы М.Сұлтанбекұлы мен қорық қызметкерлері қатысы.