2024 жылғы 10 - шы шілде күні Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері мен Алакөл аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары, Алакөл аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция қызметкері, Алакөл орман шаруашылығының қызметкерлері өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуының алдын алу мақсатында жедел - профилактикалық іс - шарасын өткізді.