2023 жылы 3-13 қазан аралығында «Реликті шағала» іс-шарасы аясында Алакөл аудандық білім бөлімімен келісе отырып құрылған жұмыс жоспарына сәйкес онкүндік жарияланды. Іс-шара аясында шалғай жатқан орта мектептерді экологиялық ағартумен қамту мақсатында экологиялық ағарту бөлімінің басшысы Е.Наурызбаев, бөлім маманы Е.Тыныштықов және ғылыми қызметкер Ж.Алешов Достық кентінің №11 орта мектебінің, Достық орта мектебінің, сонымен қоса, Лепсі және М.Әубәкіров атындағы орта мектептердің, Тоқжайлау, Сапақ, Теректі, Ақжар, Қоңыр орта мектептерінің және Бибақан негізгі мектебінің оқушыларымен танымдық кездесулер өткізді. Алакөл қорығының тарихы және қорық аумағында кездесетін флора мен фауна жайлы слайд пен бейнефильм көрсетіліп, аталмыш мектептерге кітаптар мен өзге де материалдар табысталып, Достық кентінің №11 орта мектебімен экологиялық іс-шаралар және ғылыми жұмыстар бойынша ынтымақтастық орнату туралы бастама көтерілді.