«Реликті шағала 2024» экологиялық іс - шарасының аясында Алакөл аудандық білім бөлімімен келісе отырып құрылған жұмыс жоспарына сәйкес онкүндік жарияланды. Осыған орай, экологиялық ағарту бөлімінің мамандары 17 қыркүйек күні Шынжылы және Көкжар негізгі орта мектептерінің оқушыларымен, 18 қыркүйек күні Төңкеріс және Қарлығаш негізгі орта мектептерінің оқушыларымен танымдық кездесулер өткізді. Іс - шара барысында оқушыларға Алакөл қорығы туралы бейнеролик пен слайдттар көрсетілді. Қорық аумағын мекендейтін құстар мен жан - жануарлар, өсімдіктер жайлы қызықты мәліметтермен бөлісіп, үнпарақтар таратты.