«Реликті шағала 2025» экологиялық іс - шарасы аясында Алакөл аудандық білім бөлімімен келісе отырып құрылған жұмыс жоспарына сәйкес онкүндік жарияланды. Осыған орай, экологиялық ағарту бөлімінің мамандары 14 қазан күні Лепсі орта мектебі және Байзерек негізгі орта мектебінің оқушыларымен танымдық кездесулер өткізді. Кездесу барысында оқушыларға Алакөл қорығы туралы бейнеролик пен слайдтар көрсетілді. Қорық аумағын мекендейтін құстар мен жан - жануарлар, өсімдіктер жайлы қызықты мәліметтермен бөлісіп, үнпарақтар таратты.