Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/alakol-gpz.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

«Парктер шеруі» акциясының негізгі мәні –қорықтарға, ұлттық парктерге және тарихи, рухани маңызы бар мәдениет кешендеріне нұқсан келтіретін қандай да болмасын іс-әрекетке қарсы тұру және оны болдырмау болып саналады. Жалпы «Парктер шеруі» әртүрлі ұйымдастыру шараларымен бірге түрлі сауықтыру және тазалық жұмыстары,көшет отырғызу, өндірістік және тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары да қатар жүргізіледі. Осы шерудің тағы бір мақсаты – бұл жергілікті халықпен, ақпарат құралдары саласымен және бизнес саласындағы отандастарымызбен ерекше қорғалатын табиғат аумақтардың түйінді мәселелерін нақты қорғалатын іс-әрекетпен бірігіп шешуді көздейді.

Табиғат-Ананың қаймағы бұзылмаған әсем де тамаша жерлерін сұлу қалпында сақтап, келешек ұрпаққа қаз-қалпында табыс ету, көздің қарашығындай қорғап, аман сақтап қалу – міне, осы қағидалар мен мақсаттарды алдыға қойған «Парктер шеруі» экологиялық акциясы біздің қорықта 2001 жылдан бастап өткізіліп келеді. Дәстүрлі «Парктер шеруі» аясында Жетісу облысының Алакөл ауданы мен 2011 жылдан бастап Абай облысының (Шығыс Қазақстан облысы) Үржар ауданының оқушылары мен тұрғындары арасында қалықтап ұшқан қанатты жиһанкездер туралы, табиғатымызды түрлі түске бояп тұрған өсімдіктер мен өзге де табиғаттың таптырмас бөлшегі болып табылатын жан-жануарлар мен су әлемі жайлы арнайы экологиялық сабақтар, дәрістер мен кездесулер, экологиялық байқаулар мен сенбіліктер өткізіледі.

Акция сәуірдің 1 күні «Халықаралық құстар күнінен» бастау тауып, Жасыл ел, Жасыл жапырақ, Жер күні, Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу және Халықаралық музей күні, Қызғалдақтар күні, Таза өзен – таза жағалау және Шағын футбол сынды іс-шаралар орын алып, 5 маусым «Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнімен» аяқталады. Осы үш айда қоршаған ортаны қорғау жайлы көптеген өзге де іс-шаралар өткізіледі.

«Парктер шеруі» іс-шарасының қорытындысы бойынша ҚР ерекше қорғалатын табиғи аумақтары арасында:

2010 жылы «Үздік фотоальбом» номинациясыныңиегері;

2014 жылы«Үздік бейнефильм» номинациясының иегері;

2012 жылы және 2015 жылы жалпы 3-ші орынға ие болды.

2022 жылыАлғыс хат иегері.