Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің

«Парктер шеруі 2026» экологиялық акциясының ашылуы Алакөл өңірінде сәуір айының 3 - ші жұлдызында З.Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінің алдында өтті. Игі іс - шараға Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының директоры М.З.Жанабаев, Алакөл аудандық білім бөлімінің басшысы А.С.Ибраимов және М.Мыңбайұлы ат. ОМ, Абай ат. ОМ, І.Жансүгіров ат. ОМ, А.Байтұрсынов ат. ОМ, С.Иманасов ат. ОМ, Ы.Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясының ұстаздары мен оқушылары, Үшарал қаласының тұрғындары қатысты. Іс - шара барысында "Үшарал қалалық балалар шығармашылық орталығының" жас өнерпаздарының концерттік бағдарламасы қойылып, Орталық алаңның саябағына 2 дана шырша 3 дана қарағай ағаштарының көшеттері отырғызылды. Іс - шараға барлығы 180 адам қатысты.