Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/alakol-gpz.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

17 сәуір күні «Парктер шеруі 2025» экологиялық акциясының аясында және “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы шеңберінде Абай облысының Үржар ауданы Жаңа Тілек ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектебінің оқушыларымен танымдық кездесу өтті. Іс-шараға Алакөл қорығының қызметкерлері, мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты.

Іс-шараның барысында шағын концерттік бағдарлама қойылып, оқушыларға Алакөл қорығы жайында дайындалған слайд көрсетілді. Мектеп кітаханасының қорына "Алакөл қорығының еңбектері" кітабының үш томы және басқа да бірнеше кітаптар табыс етілді. Іс-шара соңында мектеп ауласындағы ағаш бастарына оқушылар өз қолдарымен жасаған 4 дана құс ұяларын орнатты және мектеп ауласы мен Жеңіс саябағына 70 түп түрлі көшеттер отырғызып, игі іске үлестерін қосты. Іс-шараға барлығы 165 адам қатысты.