«Парктер шеруі 2024» экологиялық акциясының ашылуы Алакөл өңірінде сәуір айының 5-ші жұлдызында М.Мыңбайұлы атындағы орта мектебінің қабырғасында өтті. Игі іс - шараға Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының директоры Қ.А.Абылқасымов, Алакөл аудандық білім бөлімінің басшысы А.С.Ибраимов және М.Мыңбайұлы ат. ОМ, Абай ат. ОМ, І.Жансүгіров ат. ОМ, А.Байтұрсынов ат. ОМ, С.Иманасов ат. ОМ, Ы.Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясының ұстаздары мен оқушылары қатысты. Іс - шара барысында білім ордасының ауласындағы ағаш бастарына құс ұялары орнатылып, жас ағаш көшеттері отырғызылды.