6 ақпан күні Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері және Абай облысының Үржар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен Абай облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Орман және аңшылық шаруашылығының жедел қимыл отряды» КММ инспекторлары бірлескен рейд жұмыстарын жүргізді. Рейдтік іс-шара барысныда Алакөл көлінің солтүстік-шығыс жағалауында иесіз қалған 15 дана балық аулары (моносеть) анықталып, судан алынып, ары қарай өртеу арқылы жойылды. Тиісті актісі толтырылды.