18 қазан күні Алакөл қорығының мәжіліс залында «Орман шаруашылығы қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне орай мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға қорық қызметкерлері және Алакөл ауданның төтенше жағдайлар бөлімінің ҰҚК ШҚ Авиация бөлімінің өкілдері қатысып, орман өртін өшіруге сүбелі үлес қосқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қоса табиғат қорғау саласына үлес қосып, еңбек етіп жүрген қорық қызметкерлері де марапатталды.