Орман өрт сөндіру станциясы
Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының өрт станциясы 2024 жылдың 30 сәуірінде құрылды. Қазіргі таңда станцияда 11 қызметкер еңбек етеді. Олар қорық аумағын табиғи өрттерден қорғап, өрттің алдын алу және оны жедел сөндіру жұмыстарын атқарады.
Өрт сөндіру станциясының негізгі міндеттері:
-табиғи өрттердің алдын алу;
-өрт ошақтарын дер кезінде анықтап, сөндіру;
-қорық аумағына тұрақты бақылау жүргізу;
-өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
-профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Өрт сөндіру жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында станция қажетті техникамен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Олардың қатарында өрт сөндіру автокөліктері, шағын орман өрт сөндіру кешені, жол талғамайтын шынжыртабанды көлік, трактор, аспалы өрт сөндіргіш, отқағарлар, тырмалар және басқа да өрт сөндіруге арналған арнайы құралдар бар. Бұл техника мен жабдықтар күрделі жер бедерінде жұмыс істеуге және табиғи өрттерді қысқа мерзімде оқшаулауға мүмкіндік береді.
Табиғатты қорғау – ортақ міндет. Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының өрт станциясының қызметкерлері өңірдің табиғи байлығын сақтап, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп келеді.