Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/alakol-gpz.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Ондатр (лат. Ondatra zibethicus) — кеміргіштер отрядына, аламандар тұқымдасына жатады. Жыл бойы белсенді тіршілік ететін, қоныс аударуға бейім, бірақ көбіне отырықшы өмір салтын ұстанатын аң. Ол тұщы және сәл тұзды, ағынды су айдындарында тіршілік етеді. Өзен-көл жағалауларында мол өсімдіктердің болуы — негізгі тіршілік шарттарының бірі. Негізінен су маңы өсімдіктерімен қоректенеді, кейде жануар текті азықтарды да пайдаланады. Ондатрдың көбею кезеңі су бетінде алғашқы мұз ерігеннен басталып, тамыз айына дейін жалғасады. Осы аралықта ондатр 1–3 рет күшіктейді, әр төлдеуінде орта есеппен 6–7 күшіктен болады. Бұл аң — кәсіптік маңызы бар бағалы түрлердің бірі.

Алакөл қорығы аумағында ондатр көбіне Тентек өзені атырауының сол жақ жағалауындағы көлдерде, Сасыккөл көлінің жағалауында, «Мыңкөл» көлдер жүйесінде, Жіңішкесу өңірлерінде, сондай-ақ Алакөл көлінің батыс және солтүстік жағалауына құятын өзен-канал сағаларында көптеп кездеседі. Ол қамыс пен қоға өсетін саяз, әрі тұщы не сәл тұзды суы бар жерлерді мекендейді.

2025 жылдың 12-28 мамыр аралығында Алакөл мемлекеттік табиғи қорығында ондатрдың көктемгі есебі жүргізілді. Бұл есептің мақсаты — алғашқы төлдердің бар-жоғын, төлдердің санын және жалпы ондатр популяциясының санын анықтау болатын. Есепті қорықтың ғылыми қызметкерлері мен қорғау қызметінің инспекторлары бірлесіп жүргізді. Зерттеу жұмыстары Тентек өзені атырауының оң және сол жағалаулары, Жіңішкесу және Сарыжол өңірлері, сондай-ақ Мыңкөл көлдер жүйесі сияқты телімдерінде жүргізілді.

Әр суайдынында бірнеше ондатрдың індері ашылып, ұядағы төлдер саны мен жастары анықталды. Үйшіктерін ашу нәтижесінде, ондатрдың үйшіктерінде 6–9 аралығында күшіктері бар екені белгілі болды. Олардың жасы бірнеше күннен екі аптаға дейінгі аралықта. Санақ жұмыстары  нәтижесінде қорық аумағында ондатрдың 4048 дарасы тіркелді. Айта кетерлік жайт — биылғы жылы ондатрдың саны өткен жылмен салыстырғанда артқаны байқалады. Біздің ойымызша, бұл Сасыккөл көліндегі су деңгейінің көтерілуімен байланысты, себебі бұл жағдай ондатр үшін қолайлы тіршілік ортасының кеңеюіне әсер еткен.

 

Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми қызметкері

Мосин И.А.