Киелі Алакөлдің табиғатын қорғап жүрген мемлекеттік инспектор Наурызбаев Болатхан Нүсіпханұлы жайлы.
Болатхан Нүсіпханұлы 1965 жылы Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласында дүниеге келген. №43 Дзержинск ауыл - шаруашылық кәсіптік - техникалық училищесін тракторист - машинист мамандығы бойынша 1983 жылы бітіріп шықты. Кейін Алматы аграрлық колледжін «Орман шаруашылығы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Табиғат қорғау саласында 2002 жылдан бастап қызметте. Алакөл орман шаруашылығында біраз жыл еңбек еткен. 2019 жылдан бері Алакөл қорығының аумағын қорғап, ондағы аң - құстардың тыныштығын сақтап жүр. Олардың алаңсыз мекен етуі - Болатхан ағаның басты міндеті.
Осы уақытқа дейін өзінің кәсіптік қабілеттілігін жоғары көрсете білген тәжірибелі маман. Үлгілі әке. Ұжымда беделді азамат.
Биылғы жылы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен мемлекеттік инспектор Наурызбаев Болатхан Нүсіпханұлы 1 дәрежелі “Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін” медалімен марапатталды.