Адам баласының өмір жолындағы биік мақсаттың бірі жанына жақын мамандықты таңдап, білікті маман атану екені белгілі. Сондықтан «мамандық таңдауда қателеспеу керек» деген қағида жиі айтылады. Ал табиғат қорғау саласы басқа мамандықтарға қарағанда өзгерек. Жалпы жұрт түсіне бермейтін, беймәлім қыр-сыры мол, ерекше ғажап мамандық десек те артық айтқанымыз емес.
Жалпы 2023 жылы Алакөл қорығында 3 студент экологиялық ағарту бөлімінде оқу тәжірибесінен өтті, олар: Жетісу мемлекеттік университетінің студенті А.А.Байко «Экология» мамандығы бойынша және Талдықорған аграрлық-технологиялық колледжінің студенттері Д.Сқақ пен Н.Қанабеков «Экология және табиғатты қорғау қызметі» мамандығы бойынша. Студенттер таңдаған мамандықтары бойынша жұмыс атқарып, тәжірибе жинақтады. Өздеріне жүктелген барлық міндеттерді орындады және ұқыптылық пен қабілеттерін көрсете алды. Болашақта білікті эколог болатындарына үміттене отырып, өткізген іс-тәжірибені жақсы деп бағалаймыз.