Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2023 жылғы 14 қарашадағы № 320-Ө және Төтенше жағдайлар министрлігінің 2023 жылғы 10 қарашадағы № 605 бірлескен бұйрығына сәйкес «Мемлекеттік орман күзеті, орман өрт станциясы қызметкерлерін, табиғат қорғау және орман мекемелері басшыларын оқыту» білім беру бағдарламасы бойынша оқуды қамтамасыз ету мақсатында орман шаруашылығы және табиғат қорғау мекемелерінің қызметкерлері іс-сапарға жіберілді. Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының директоры Қ.Абылқасымов, директордың орынбасары Н.Бейсенов, қорғау бөлімінің басшысы Р.Шалапанов, инженер-механик Н.Өнерханов және өрт сөндіру көлігінің жүргізушілері А.Курушбаев, Ә.Өнерқанов бекітілген жоспар кестесіне сай 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында семинар сабақтарына қатысты.