Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/alakol-gpz.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Елімізде биылғы жылдың жыл құсы деп маубас жапалақ танылды. Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы (АСБК) мүшелері 2024 жылдың құсын анықтауда маубас жапалақ пен қара сайрақты қатар қойып дауыс бергенде алғашқысы 83%-бен озып шыққан. Қазақстанда жыл құсын таңдау шарасы осымен он тоғызыншы рет өткізіліп отыр. Орнитологтардың зерттеуінше, біздің елде жапалақтың 13 түрі кездеседі. Солардың ішіндегі маубас жапалақ (Otus scops)деген түрінің денесі кішірек, шамамен 20 сантиметр болады. Оның көлемі кішкентай, сайрақпен бірдей. Бірақ қауырсындарының әсерінен үлкен көрінетін құс. Еркегі мен ұрғашысын сырттай айыру мүмкін емес.
Қазақстанда орманды алқаптардың қайыңды-теректі ормандарында және алма бақтарында мекен етеді. Өзен аңғарларында терек және жапырақты ағаштарда, сонымен қатар ескі саябақтарда, бақтарда, жолдар мен арықтың бойындағы жасыл жасыл желектерде кездеседі.