27 қараша күні Алакөл қорығының мәжіліс залында "Үшарал қалалық балалар шығармашылық орталығының" шәкірттеріне арналған GEN17: Жастар, Экодипломатия, Бірлік" жобасы аясындағы іс - шаралар жоспары бойынша «Мамандыққа қадам» тақырыбындағы танымдық іс - шара өткізілді. Қорық мамандары экологиялық бағыттағы мамандықтар жөнінде ақпарат беріп, табиғатты қорғау саласындағы жұмыс ерекшеліктерін түсіндірді.
Іс - шара жастардың қызығушылығын арттырып, олардың болашақ кәсіби бағытын анықтауға оң әсерін тигізді деген ойдамыз. Іс - шараның мақсаты - жас тәлімгерлерге түрлі кәсіби бағыттар туралы түсінік беру, болашақта дұрыс таңдау жасауға көмектесу және Алакөл қорығының қызметімен таныстыру.