19 қыркүйек «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында Үшарал қаласындағы Қарасу бұлағының айналасы қоқыстардан тазартылды. Іс-шараға қорық қызметкері мен Алакөл көпсалалы колледжінің студенттері, барлығы 39 адам қатысып, жиналған 0,5 тонна қоқыс арнайы алаңға шығарылды.