Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің

Үлкен және Орта Аралтөбе аралдары – халықаралық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ

Алакөл көлінің ортасында орналасқан Үлкен Аралтөбе, Орта Аралтөбе аралдары – халықаралық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар. Үлкен Аралтөбе аралы құстардың қоректену алаңы болып саналады. Сонымен қатар аралда еліктер мекендеп, табиғаттың ерекше үйлесімін толықтыра түседі. Ал Орта Аралтөбе аралы – сирек кездесетін және ерекше қорғалатын отарлық құстардың маңызды ұя салу мекені. Мұнда өгіз шағала, қарабас өгіз шағала, үлкен суқызғыны, көне дәуір шағаласы, бірқазан, үлкен қарқылдақ, өзен қарқылдағы, татрең қарақасы мен қарала балшықшы сияқты құстар ұрпақ өрбітеді. Қазіргі уақытта құстар балапандарын қоректендіріп, ұяларын қорғап жатқан аса жауапты кезең. Әсіресе мамыр мен қыркүйек айлары аралығында олардың тыныштығын сақтау мақсатында қорғау шаралары күшейтіледі. Осы уақытта құстарды үркітуге, ұяларына жақындауға және мазасын алуға болмайды. Табиғаттың нәзік тепе-теңдігін сақтау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Қорық аумағына кіруге, аң-құс аулауға, балық аулауға, мал жаюға, шөп шабуға және дәрілік өсімдіктерді жинауға қатаң тыйым салынады. Заң талаптарын бұзу әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске саламыз.