Үлкен аққұтан - ескекаяқты құстар отрядының құтандар тұқымдасына жататын ірі әрі өте сақ құс.
Түсі ақ, салмағы 912 - 1140 г, қанатының ұзындығы 131 - 145 см болады. Қимылы баяу, үн шығармайды. Олар топтасып тіршілік етеді, ұя салар кезінде қамыстың арасында шағын топ немесе жеке - жеке жұп құрады.
3 - 5 ақ, көкшіл тартқан жұмыртқа салады да, оны екеуін кезектесіп басып шығарады. Балапандарын 45 күн ұяда асырайды. Ақ құтан балықпен, көлбақалармен, көкқасқа шегірткемен, инеліктермен, жәндіктермен және олардың дернәсілдерімен, ұсақ кеміргіштермен, кесірткелермен қоректенеді.
Үлкен аққұтан - балық қорының индикаторы, қорық аумағында барлық жерде кездеседі. Соңғы жылдары саны артып, 2025 жылы 2200 дарасы тіркелді. Жеке түрлері мұз қатпайтын өзен тармақтарында қыстап қалады.