2024 жылғы 2-4 мамыр аралығында Алакөл қорығының ғылыми қызметкерлірі және Тұйықсу телімі инспекторларымен бірге әл-Фараби атындағы КазҰУ қызметкерлерімен жасалған келісім-шарт негізінде бірлескен далалық шығыстар ұйымдастырылды. Далалық шығыс нәтижесінде алғашқы көктемгі гүлдейтін өсімдіктер түрлері тіркеліп, гербарий жиналды. Сонымен қатар Алакөл және Сасықкөл көлдерінен ауыр металлдар мен ластануын анықтау мақсатында су үлгілері алынды.