«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» қызметкерлерімен далалық шығыс ұйымдастырылды
2024 жылдың маусым айының 12-25 жұлдыздары аралығында Алакөл қорығының ғылыми қызметкерлері мен инспекторлары және «Зоология институты» мен «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» қызметкерлерімен жасалған ғылыми келісім-шарт негізінде бірлесе отырып Мыңкөл көлдер жүйесі - Жалаңашкөл көлі – Кіші Алакөл шығанағы – Алакөл көлінің аралдары (Қандыарал аралы, Аралтөбе аралдарының үш аралы) маршрутымен далалық шығыс ұйымдастырды. Далалық шығыс нәтижесінде бұйра және қызғылт бірқазан, қарабас өгізшағала, ақбас тырна, үлкен суқұзғыны, дала қыраны, тілеміш сияқты құстар түрінен биоанализ сынамалары алынып, сақиналау жұмыстары жүргізілді және өгішағалаға GPS трекер орнатылды. Сонымен қатар су және құрлық экожүйесінде кездесетін өсімдіктердің гербарий жиналды.