Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің

Биыл еліміздің Ата заңына 29 жыл толып отыр. Осы айтулы күнге орай Алакөл қорығының ұжымы мерекелік жиын өткізді. Қазақстан Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін қалыптастырушы құжат. Ол 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды. 1993 жылғы Конституцияның негізінде еліміз парламенттік республика моделінде болса, 1995 жылы қабылданған Конституция негізінде президенттік-парламенттік билікке көшті. 1995 жылы қабылданған Конституцияға әр жылдары бірқатар өзгеріс енгізілді. Конституцияда белгіленген демократия құндылықтары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері Қазақстан Республикасы дамуының нақты стратегиялық бағдарын айқындайды. Ата заңымыз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің сенімді тірегі.