Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің

«Кіші Аралтөбе» экскурсиялық туристік маршруты

Кіші Аралтөбе аралының аумағы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 17.06.2025 жылғы № 27-03/153-НҚ бұйрығына сәйкес «Кіші Аралтөбе» экскурсиялық туристік маршруты болып саналады. 
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 2 қазандағы № 232 бұйрығына сәйкес бекітілген тариф негізінде Кіші Аралтөбе аралында болу ақылы болып табылады. 

«КІШІ АРАЛТӨБЕ» АРАЛЫНДА БОЛҒАН КЕЗДЕ КЕЛЕСІ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАУ ҚАЖЕТ:

Аралдағы тәртіптің ережелері: 
•    мемлекеттік табиғи қорық аумағында жүру ережесін сақтау міндетті;
•    қорық қызметкерінің талаптарын міндетті түрде орындау керек; 
•    өрт қауіпсіздігі ережесін ұстану міндетті; 
•    қоқысты (пластик, тамақ қалдықтары, темекі тұқылы, т.б.) өзіңізбен бірге алып кету міндетті; 
•    аралда болу уақытын сақтау – 09.00 с. – 18.00 с. 

Арал аумағында келесі іс-әрекеттерге қатаң тиым салынады: 
•    Үлкен Аралтөбе және Кіші Аралтөбе аралдарына қатынауға; 
•    қалың тұман кезінде немесе күшті жел соққан уақытта суда жүзуге (су көлігімен немесе жеке өзіңізге); 
•    маршрут аумағынан ауытқуға; 
•    маршрут аумағында қоқыс тастауға;
•    Кіші Аралтөбе аралынан қандай да бір табиғи заттарды (дериват, тас, өсімдік және т.б.) алуға; 
•    аралға өзіңізбен бірге үй жануарларын алып жүруге;
•    аралда от (алау) жағуға;
•    Кіші Аралтөбе аралындағы тастарға, жартастарға, ақпараттық тақтайшаларға жазулар немесе белгілер қалдыруға/жазуға;
•    аралдағы жартастарға өрмелеп шығуға. 

Қауіпсіздік шаралары: 
•    су көліктерін (қайық, катер, т.б.) кіші аралтөбе аралындағы белгіленген орындарда тұрақтау керек; 
•    су көлігіндегі (қайықтағы, катердегі, т.б.) туристтерге қауіпсіздік ережелерін сақтау міндетті; 
•    жеке бас қауіпсіздігін сақтау міндетті, себебі аралда жылан, қарақұрт және өзге де улы жануарлар мекен етеді.