"Кіші Аралтөбе" экскурсиялық туристік маршрутына қатынау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша кездесу өткізілді
3 маусым күні қорық қызметкерлері Абай облысының Мақаншы ауданындағы Қабанбай ауылында Алакөлдегі жазғы көл маусымына дайындық жұмыстары және "Кіші Аралтөбе" экскурсиялық туристік маршрутына қатынау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша кездесу өткізді. Іс-шараға Мақаншы ауданының әкімі Д.Қойгелдин, Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының директоры М.Жанабаев, Абай облысының төтенше жағдайлар депортаментінің өкілі, көлік пракаратурасының өкілі, көлік инспекциясының өкілі және ауданның құзырлы органдар қызметкерлері, сондай-ақ Қабанбай ауылының тұрғындары мен кәсіпкерлері, қайық иелері қатысты.