5 маусым күні “Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне” орай Жетісу облысының Алакөл ауданындағы Ақши курорттық жағалауындағы «Alakol Resort» демалыс аймағында «Кіші Аралтөбе» экскурсиялық туристік маршрутының салтанатты түрде ашылуы іс-шарасы болды. Іс-шараға Алакөл аудандық маслихатының төрағасы Д.Каримов, «Жетісу» туристік ақпараттық орталығы КММ басшысының орынбасары М.Капасов, “Жетісу” телеарнасы, табиғат қорғау ісінің ардагерлері М.Жұманқұлов пен А.Идришев және Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының директоры М.Жанабаев пен қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында «Парктер шеруі 2025» экологиялық акциясын ұйымдастыруға атсалысқан белсенді қорық қызметкерлері марапатталды. Аталған іс-шараға Алакөл ауданының мәдениет үйінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Іс-шара соңында «Кіші Аралтөбе» аралына экскурсия ұйымдастырылды.