1 сәуір күні қорық қызметкерлері Үшарал қаласындағы Алакөл көпсалалы колледжі мен Абай атындағы орта мектебінде "Халықаралық құстар күні" мен "Таза Қазақстан-болашақ кепілі" тақырыбында дәріс өткізді. Кездесу барысында мекеме директоры М.Жанабаев "Таза Қазақстан" акциясы бойынша дайындаған баяндамасымен таныстырып, қорық қызметкерлері "Алакөл қорығының құстары" мен "Таза Қазақстан" акциясы тақырыптарында дайындалған слайд жұмыстарын оқушыларға таныстырды.